Жаңалықтар

Еліміз бойынша су тасқыны болған аймақтарда 72 мыңнан астам қауіпсіз жерге көшірілді

Еліміз бойынша су тасқыны болған аймақтарда 72 мыңнан астам қауіпсіз жерге көшірілді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 07.04.2024 18:13 302
Еліміздегі су тасқыны басталғалы бері 72 029 адам, оның ішінде 16 078 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Уақытша орналасу пунктеріне 14 368 адам, оның ішінде 7 255 бала құтқарылды. Төтенше жағдайлар, Қорғаныс мининистрлігі және Ұлттық ұланның 7 әуе кемесі құтқару жұмыстарын жалғастыруда. 7,5 млн. астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 952 мыңнан астам қапшық және 976 мыңнан астам тонна инертті материал төселді, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.
Сондай-ақ, апаттық-құтқару жұмыстарында 12 445 адам, 1300-ге жуық техника, 7 әуе кемелері жұмылдырылып отыр. 
Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3686 жеке тұрғын үй, 557 аула аумағы және 1822 саяжай үйлері су астында қалды. Республикалық жедел штабтың бақылауында Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс-Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары енді. Жедел желі телефонына барлығы 983 қоңырау келіп түсті, - деп мәлімдеді ТЖМ-нің баспасөз қызметі. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға