Еліміздің барлық өңірлерінде "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен 2008 жылдан бері жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы «Жақсылық жаса» ұранымен бастау алып отыр.
Аталған жоба аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан сондай-ақ, асыраушысынан айырылған ерекше білім беруді қажет ететін балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.
Ағымдағы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер мен меценаттардың көмегімен 200 мыңнан астам оқушыға 3 млрд тенгеден көп қаражатқа көмек көрсету көзделген.
Еліміз бойынша "Мектепке жол" акциясы басталды
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі