Жаңалықтар

Елена Рыбакинаның турнирдегі бүгінгі кездесуінің жауын-шашынға байланысты уақыты өзгерді

Елена Рыбакинаның турнирдегі бүгінгі кездесуінің жауын-шашынға байланысты уақыты өзгерді
Фото: ҚР теннис федерациясы 13.08.2023 11:20 759

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында ресейлік Людмила Самсоновамен (18-орын) өзара шеберлік байқасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған кездесу жексенбі күні таңертең Астана уақытымен 06:30-да басталуға тиіс болғанымен, 23:30-да жауған жаңбырға байланысты кейінге шегеріліп отыр. 

Бұған дейін турнир барысында қазақстандық теннисші америкалық Дженнифер Брэдиді (584-орын) - 6:7, 7:6, 6:3 - және Слоан Стивенсті (38-орын) - 6:3, 6:3 және ресейлік Дарья Касаткинаны (14-орын) 5:7, 7:5, 7:6 есептерімен жеңген еді. 

Биылғы Монреальдағы турнирдің жүлде қоры 2 788 468 долларды құрайды. Байқау жеңімпазы 454 500 доллар еншілеп, 900 рейтингтік ұпайға ие болмақ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға