Жаңалықтар

Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида турнирінің финалына шықты

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті
Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида турнирінің финалына шықты
Фото: ktf.kz 12.01.2023 09:10 1231

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елена ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жартылай финалда жарыстың үшінші ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасып 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.

Олар соңғы бәсекеде чехиялықтар Мириам Колодзьежова – Маркета Вондроушова немесе бразилиялық Луиза Стефани – америкалық Тэйлор Таунсенд жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға