Жаңалықтар

Елена Рыбакина «Ролан Гарростың» үшінші айналымына өтті

Елена Рыбакина «Ролан Гарростың» үшінші айналымына өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 01.06.2023 17:17 462

Уимблдонның қазіргі чемпионы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың екінші айлымында ол Чехия өкілі Линда Носкованы (WTA рейтингінде 50-орында) жеңді.

Ойын 6:3, 6:3 есебімен жерлесіміздің пайдасына аяқталды. Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.

Жарыстың үшінші айналымында Елена Сара Соррибес-Тормо (Испания) – Петра Мартич (Хорватия) жұбының қай жеңгенімен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға