Жаңалықтар

Елена Рыбакина «Ролан Гарросты» сәтті бастады

Елена Рыбакина «Ролан Гарросты» сәтті бастады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 31.05.2023 09:44 448

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орында) Франция ашық чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рыбакина бірінші айналымда чехиялық Бренда Фрухвиртованы (146-орын) екі сетте жеңді – 6:4, 6:2.

16 жастағы чехиялық ару теннис әлемінің болашақ жұлдызы саналады. Оның болашағынан зор үміт күтетіндер көп.

Осы жеңісі үшін Елена 69 мың еуро алды.

Жерлесіміздің келесі қарсыласы Чехияның тағы бір өкілі – Линда Носкова (50-орын).

«Ролан Гаррос» турнирінің биылғы жеңімпазы 2 млн 300 мың еуро және 2000 рейтингілік ұпай алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға