Жаңалықтар

Елена Рыбакина Римдегі турнирде ерекше нәтижеге қол жеткізді

Елена Рыбакина Римдегі турнирде ерекше нәтижеге қол жеткізді
Фото: Instagram.com/lenarybakina_kz 15.05.2023 14:08 647

Қазақстанның бірінші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 жарысының төртінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

1/16 финалда Елена Рыбакина ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасып, техникалық жеңіске (1 сет - 4:3 - қазақ теннисшісі пайдасына) қол жеткізді. Өйткені оның қарсыласы жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Елена Рыбакина мансабында тұңғыш рет Италиядағы «мыңдық» жарыстың төртінші кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, бәсекенің ширек финалы жолдамасын отандасымыз әлемнің 70-ракеткасы Маркета Вондроушовамен сарапқа салады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға