Жаңалықтар

Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 15.05.2023 23:32 644

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 70-орында тұрған чехиялық Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар 2021 жылы Мәскеу жарысында кездесіп, онда чехиялық теннисші 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сетте қазақстандық теннисші 4:1 есебімен алға кеткенімен, чехиялық спортшы қайыра брейк жасады. Дегенмен Елена матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:3.

Бір сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 4 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 24-сатыдағы хорватиялық Донна Векичтің біреуімен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға