Жаңалықтар

Елена Рыбакина Рим турнирінің үшінші кезеңінде бақ сынайды

Елена Рыбакина Рим турнирінің үшінші кезеңінде бақ сынайды
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі 13.05.2023 14:51 724

Әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еліміздің теннис федерациясының мәліметі бойынша, қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастаған. Ол әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен кездесіп, басым түсті.

Бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте жеңді - 7:6 (7:4). Екінші сет жеңілірек болды - 6:1.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта Елена 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаямен өзара мықтыны анықтайды. 

Бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Рим мастерс турнирінің үшінші айналымына шыққан еді. Александр Бублик енді келесі кезеңле әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудпен шеберлік байқасады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға