Жаңалықтар

Елена Рыбакина қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты

Елена Рыбакина қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты
Фото: Видеодан кадр 21.04.2024 19:16 507

Қазақстанның бірінші ракеткасы, күні бүгін Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанған Елена Рыбакина өзіне қолдау көрсеткен барша адамға алғысын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшының алғыс айту сәтінің видеосын Қазақстан Теннис федерациясының Telegram-каналы жариялады.

Баршаңызға сәлем! Бұл жеңіс үшін өте қуаныштымын. Осы аптада маған қолдау көрсеткен барша адамға алғысымды айтамын. Келер жылы дәл осы жерге қайта келіп, жарыста бағымды сынауымды тағатсыздана күтетін боламын,-деді Елена Рыбакина. 

Біз бұған дейін қазақстандық теннисші Штутгарттағы теннис турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға