Елена Рыбакина Mutua Madrid Open турнирінің төртінші кезеңіне өтті

 Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Рыбакина Мадридтегі турнирдің төртінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Еліміздің бірінші ракеткасы жарыстың үшінші айналымында әлемнің 72-ракеткасы мысырлық Маяр Шерифті 6:1, 6:4 есебімен ұтты.

Испания астанасында өтіп жатқан доданың төртінші кезеңінде қазақстандық теннисші америкалық Эшлин Крюгерді 6:3, 6:1 есебімен ұтқан чех спортшысы Сара Бейлекпен ойнайды.

Оқи отырыңыз