Жаңалықтар

Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирдің үшінші кезеңіне өтті

Кездесу 2 сағат 10 минутқа созылды
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирдің үшінші кезеңіне өтті
Фото: prosports.kz 12.03.2023 10:30 645

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда америкалық София Кенинді екі сетте ұтты – 7:6 (6), 7:5, (5).

1/8 финалға шығу үшін Қазақстанның үздік теннисшісі испаниялық Нурия Паррисас-Диас пен Паула Бадоса арасындағы текетірестің жеңімпазымен шеберлік сынасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға