Жаңалықтар

Елена Рыбакина Франциядағы турнир жеңімпазы атанды

24.05.2025 20:04 565
Елена Рыбакина Франциядағы турнир жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орында) Францияның Страсбург қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Финалда Рыбакина ресейлік Людмила Самсоновамен (19-орын) кездесіп, үш сетте - 6:1, 6:7, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Елена Рыбакина биылғы маусымдағы алғашқы титулына ие болды. Маусым басталғалы қазақстандық теннисші ең үздік нәтижесіне Абу-Даби мен Дубайда (БАӘ) қол жеткізген, ол кезде жерлесіміз жарыстың жартылай финалына шыққан.

Елена енді Франциядағы «Ролан Гарросқа» қатысады. Қазақстандық теннисші бірінші айналымда аргентиналық Хулия Риерамен (204-орын) кездеседі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Страсбургтегі жеңісі үшін 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпайға ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға