Жаңалықтар

Елена Рыбакина Дубайда өтетін халықаралық турнирге қатысады

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті
Елена Рыбакина Дубайда өтетін халықаралық турнирге қатысады
Фото: ktf.kz 19.12.2022 15:13 988

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) 19-24 желтоқсанда өтетін World Tennis League турнирінде ойнайды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Жарыста төрт топқа («Бүркіттер», «Сұңқарлар», «Қаршығалар», «Әуе жыландары») бөлінген 18 ойыншы өнер көрсетеді.

Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина «Қаршығалар» тобында германиялық Александр Зверев, аустриялық Доминик Тим және эстониялық Анетт Контавейтпен бірге ойнайды.

Барлық топ бір-бірімен кездеседі. Ең үздік екі топ финалда кім мықтыны анықтайды. Әр бәсеке үш ойыннан тұрады, біреуі ерлер, екіншісі әйелдер арасында, үшіншісі аралас жұпта (микст) болады.

Елена Рыбакина 20 желтоқсанда әлемнің бесінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен сынға түседі. 22-сінде Рыбакина Зверевпен бірге канадалықтар Феликс Оже-Альяссим - Эжени Бушармен кортқа шығады. 23 желтоқсан күні Елена әлемнің 4-ракеткасы, франциялық Каролин Гарсиямен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға