Жаңалықтар

Елена Рыбакина Брисбен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина Брисбен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: ktf.kz 07.01.2024 12:41 575

Елена Рыбакина Брисбенде (Австралия) өткен WTA 500 сериясы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші Беларусь теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Арина Сабаленконы ұтты.

Бірінші сет 25 минутқа созылды. Рыбакина 6:0 есебімен жеңді. Екінші ойында 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакина 2024 жылдың алғашқы жарысында чемпион атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға