Жаңалықтар

Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирде испандық қарсыласын жеңді

Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирде испандық қарсыласын жеңді
Фото: sports.kz 14.03.2023 15:00 605

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте (АҚШ) теннис турнирінің үшінші айналымында испандық Паула Бадосаны жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Матч 6:3, 7:5 есебімен аяқталды.

Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 36 минутты құрады. Осы уақыт ішінде Елена  алынбас тоғыз соққы орындады, бір қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.

Рыбакинаның келесі қарсыласы Дарья Касаткина / Варвара Грачева (Ресей) жұбының жеңімпазы болады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға