Жаңалықтар

Елена Рыбакина әлемнің үздік теннисшісінен басым түсті

Елена Рыбакина әлемнің үздік теннисшісінен басым түсті
Фото: ҚР теннис федерациясы 12.08.2023 15:28 2168

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалдық кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз Рыбакина ширек финалдық жолдама үшін ресейлік ең мықты теннисші Дарья Касаткинаны қапы қалдырды. Бірінші сетте Касаткина 7:5 есебімен жеңіске жетсе, екінші ойында Рыбакина екі рет (1:3 және 3:4-тен) шеберлік танытып, 7:5 есебімен басымдыққа ие болды. Үшінші сетте барлығы Рыбакинаның пайдасына тай-брейкте шешілді – 7:6 (10:8). Матчтың ұзақтығы шамамен үш жарым сағатқа созылды.

Аталған турнирде қазақстандық Елена Рыбакина US Open-2017 жеңімпазы америкалық Слоун Стивенсті жарыс жолынан шығарған еді.

Ширек финалда Рыбакина тағы бір ресейлік әйел Людмила Самсоновамен (WTA №18) кездесу өткіздеді. Ресей теннисшісі бұған дейін швейцариялық Белинда Бенчичті турнирде жеңген болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға