Жаңалықтар

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды
Фото: ktf.kz 12.06.2023 10:04 536

12 маусым күні Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) теннисшілердің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соған сәйкес қазақстандық Елена Рыбакина тарихи үшінші орынға көтерілді.

Бұған дейін мұндай жетістікке елімізден ешбір теннисші жетпеген. Елена Рыбакина өзінің көрсеткішін жаңартып қана қоймай, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Дәл қазір әлемнің үшінші ракеткасының еншісінде 5090 ұпай бар. Ал оның алдында «Ролан Гаррос-2023» чемпионы Ига Швёнтек (8940) пен Арина Соболенко (8012) тұр.

Еліміздің тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева да көрсеткішін жақсартып, жеті сатыға жоғарылады. Енді ол әлемнің 51-ракеткасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға