Жаңалықтар

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 18.05.2023 09:37 452

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында Рыбакина әлемнің үздік теннисшісімен ойнады.

Матчтың алғашқы сетінде Швентек 6:2 есебімен басым түссе, Рыбакина екінші сетте 7:6 есебімен тай-брейкте мықтылық танытты. Ал үшінші сетте есеп 2:2 болған. Алайда әлемнің бірінші ракеткасы жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Бұл кездесу 2 сағат 22 минутқа созылды.

Енді жартылай финалда Рыбакина аттасы латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға