Жаңалықтар

Елена Рыбакина әлемнің 4-ші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина әлемнің 4-ші ракеткасы атанды
Фото: championat.com 21.05.2023 06:09 744

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Италия жерінде өткен «Мастерс» турнирінің сериясында кезекті жеңісіне жетті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы финалда украиндық Ангелина Калининаны жеңді. Осылайша, теннисші WTA (Live-рейтинг) рейтингінде төртінші орынға көтерілді.

Теннис федерациясының мәліметінше, Рыбакина Калининаны бірінші сетте 6:4 есебімен жеңген, ал екінші сетте ойын 1:0-ді көрсеткенімен қарсыласы ойыннан шыққан.

Осылайша, Қазақстан спортшысы титулды иеленді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина маусым мен спорттық мәнсабында WTA 1000 екінші титулына қол жеткізіп отыр.

Сондай-ақ ол биыл Австралияда өткен Ашық чемпионат пен Miami Open WTA 1000 финалына шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға