Жаңалықтар

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төмендеді

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төмендеді
Фото: © WTA 04.12.2023 12:00 844

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында рейтингті жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жекелей сында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орында тұр, ал Юлия Путинцева 68-сатыда қалды.

Үздік үштік өзгеріссіз: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Кори Гауфф (АҚШ).

Жұптық сында Рыбакина бір саты төмендеп, 123-орынға тұрақтады. Жұптық сындағы үздік теннисшіміз Анна Данилина 56-орнын сақтап қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға