Жаңалықтар

Елді цифрландыруға 400 млрд теңге жұмсалған

Елді цифрландыруға 400 млрд теңге жұмсалған
Фото: st-kt.ru 08.12.2022 17:51 946

Соңғы 8 жылда елді цифрландыру жұмысы бойынша 578 ақпараттық жүйе әзірленді. Оған 400 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бюджеттік178 жүйедегі ақпараттың қажетсіздігінен, бағаны белгілеу мүмкіндігі қарастырылмағандығынан және сатып алу жүйесі жабық болғандығына байланысты есептен шығарылған.

Жүйені әзірлеуші отандық мамандар бес квазимемлекеттік компанияның қарамағында жұмыс істейді. Ол компанияларға қаржының 50%-ы тартылған.

«Квазимемлекеттік секторлардың тұтынушылары ІТ өнімдерінің құнын өздері бағалайды. Нәтижесінде Цифрлық даму министрлігінен келісім алу талап етілмейді. Соның салдарынан квазимемлекеттік сектор шеңберінде де, мемлекеттік органдармен салыстырғанда да бір типті бағдарламалар бойынша баға айырмашылығы ондаған миллиард теңгеге жетеді», - деді ол.

 Сонымен қатар, цифрландыру әрқашан оң нәтиже бере бермейтінін айтты.

«2012-2015 жылдары «Энергия диспетчерлік тартқыш» АЖ цифрландыру жұмыстарына  96 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды.  Қазақстан темір жолында 2025 жылға дейін отынға белгіленген100 миллиард теңгеден астам қаржыны үнемдеуді жоспарлаған.  Алайда локомотив бригадалары өз жұмысында бұл бағдарламаны елемеуде», - деді Саян Ахметжанов.

Мемлекеттік секторды цифрландыру кезінде ашық төлем жасаған дұрыс. Аналитика жасамаса цифрландыруға шамадан тыс қаржы жұмсалуы мүмкін екенін айтты.Мәселен, 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 9,3 млрд теңгеге бейнетіркеу және құжат айналымына арналған 4 платформа сатып алса, басқа аймақтарда оны 24 млн теңгеден сатып алғанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға