Жаңалықтар

Елден ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды

Осылайша, заңсыз кері экспорттауға жол берілмейді
Елден ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды
Фото: azh.kz 11.12.2022 05:35 2222

Ел аумағынан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Тыйым ағаш өңдеу өнеркәсібін дамыту және Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарын заңсыз кері экспорттауға жол бермеу мақсатында енгізілген.

Тыйым салу Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» 690 бұйрығы арқылы енгізіліп отыр.

Ол 2022 жылғы 9 желтоқсанда күшіне енді. Бұл бұйрық ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар» кодын қоспағанда, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салуды көздейді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға