Елдегі шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілін» оқытуға міндеттелді

 El.kz
Фото: El.kz

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындары үшін жаңа талап енгізілмек. Бұл норма «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына енгізіліп, жуырда Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда қаралады.

Енді олар білім беру бағдарламасына «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін міндетті түрде қосуға тиіс. Бұл туралы мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы мәлімдеді. Оның айтуынша, бастама әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұсынысымен қабылданған.

Депутат әлеуметтік желідегі парақшасында:

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастамасымен аса маңызды норма қабылданды. Енді шетелдік жоғары оқу орындары “Қазақстан тарихы” мен “Қазақ тілі” пәндерін оқытуға міндеттеледі. Бұл талап заң деңгейіне көтерілді, – деп жазды.

Заң жобасына енгізілген нақты өзгерістерге сәйкес, Қазақстан аумағында қызмет ететін шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары аталған пәндерді міндетті түрде оқытып, білім беру сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуі тиіс.

ел кз

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасында шетелдік оқу орындарына нақты талап қойылды. Яғни, олар “Қазақстан тарихы” мен “Қазақ тілі” пәндерін міндетті түрде енгізіп, білім сапасын мемлекеттік стандарттар деңгейінде қамтамасыз етуге міндеттеледі, – деді депутат.

Оның сөзінше, бұл бастама ел аумағында ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының қызметін ұлттық білім беру талаптарымен үйлестіруге бағытталған. Аталған маңызды өзгерістерді қамтыған заң жобасы жақын арада Мәжілісте екінші оқылымға ұсынылады.

Оқи отырыңыз