Жаңалықтар

Елдегі күріштің қоры жеткілікті - министр

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды
Елдегі күріштің қоры жеткілікті - министр
Фото: sn.kz 06.12.2022 12:14 1320

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елдегі күріштің қоры жеткілікті екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақбайұлына «қазір кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында күрішке қатысты әртүрлі мәлімет тарап жатыр. Осыған байланысты күріш нарығындағы жағдай қандай?» деп сұрады.

«Қазір күрішке қатысты жағдай тұрақты. Ішкі нарықтағы ақ күріштің қоры 257 мың тонна деп бағаланып отыр. Біз Қазақстандағы жылдық тұтыну көлемін алсақ, ол – 97 мың тонна», - деді Ербол Қарашөкеев.

Айтуынша, қазіргі таңда өзімізде бар қор тұтыну көлемінен 3 есе артық. 9 айдың қорытындысы бойынша шетелге күріштің экспорты 70 мың тонна болды. Оның басым бөлігі 40 мың тоннасы ұнтақталған күріш. Сол күріштың 80%-ы Ресей Федерациясына экспортталады. Бұл өнім сыра өндірісіне пайдаланылады. Сондықтан ішкі нарықтағы күріштің қоры жеткілікті. Экспортқа да шығаруға жағдайымыз жетеді.

«Күріштің бағасына тоқталайын. Өндіруші зауытта күріштің 1 келісі – 256 теңге, көтерме баға – 340 – 390 теңге аралығында. Күріш тапшылығының қалыптасу тәуекелі өте төмен. Күріш өңдейтін өңірлерде дайын өнімді қосымша экспортқа шығаруға және жеткізуге қор жеткілікті», - деді министр.

Күріштің қоры жеткілікті екенін айтып, алаңдамауды жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға