Жаңалықтар

Елдегі барлық телеарнаның хабар тарату қызметінде мәселе туындады

Елдегі барлық телеарнаның хабар тарату қызметінде мәселе туындады
Фото: ©El.kz 16.09.2023 01:35 389

KazSat-3 жер серігімен байланысты телеарналардың хабар тарату қызметінде мәселе туындаған, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, KazSat-3 Қазақстандық спутнигіндегі штаттан тыс жағдайға байланысты Қазақстандық және шетелдік телеарналардың бір бөлігі OtauTV пакеттерінде қолжетімсіз болған.

Қазіргі уақытта «Қазтелерадио» АҚ ғарыштық байланыс орталығымен бірлесіп KazSat-3 жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте KazSat-2 пайдаланатын мемлекеттік телеарналар штаттық режимде таратылады. Барлық 567 Радиотелевизиялық станция KazSat-2 резервтік спутнигінен телевизиялық арналарды қабылдайды және Қазақстан Республикасының барлық аумағына хабар таратады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға