Жаңалықтар

Елдегі әкімшілік реформалаудың нәтижелері қалай болып жатыр?

Елдегі әкімшілік реформалаудың нәтижелері қалай болып жатыр?
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.06.2023 17:00 645

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында мемлекеттік органдардың заң шығару процесіндегі қызметін одан әрі бюрократиядан арылту мәселелері талқыланып жатыр. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Меруерт Сапарова әкімшілік реформалаудың нәтижелері туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет деңгейінен орталық мемлекеттік органдарға, орталықтан жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті атқарушы органдардан облыстық деңгейінен аудандық деңгейге өкілеттіктер қайта бөлінді.

Бүгінгі таңда әкімшілік реформалаудың І кезеңі аяқталды. Тиісті заңдар 19 сәуірде Мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруды, сонымен бірге құзыреттерді заңнамалық деңгейде белгілеу бөлігінде мемлекеттік ақпарат қызметін бюрократиядан арылтуды көздейтін негізгі заңдар қабылданды. Заңның негізгі идеологиясы – мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, - дейді Меруерт Сапарова.

Мемлекет аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі жарлығын іске асыру мақсатында, ресми сипаттағы және заңдар деңгейіндегі артық регламенттелген функциялар заңға тәуелді актілер деңгейінде, яғни, мемлекеттік органдардың ережелер шеңберінде бекіту жолымен алып тасталды.

Осылайша, әкімшілік реформа заң шеңберінде 364 функция заңдар деңгейінен алып тасталды, оның ішінде 229 заңға тәуелді актілер деңгейіне бекітілді. Бұл тәсілдердің барлығы орталық мемлекеттік органдарға маңызды шешімдер қабылдауда икемділік, жеделдік, дербестікті бере отырып, үкіметті артық функциялардан босатуға, сондай-ақ жергілікті атқарушы орталықтарының өкілеттіктерін кеңейтуге мүмкіндік берді, - деп атап өтті департамент басшысы.

Сонымен қоса, әкімшілік реформаның ІІ кезеңі басталып жатыр. Бұл кезеңде әкімшілік реформаның жергілікті жерлерде мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша құзыреттерді беру арқылы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Президент әкімшілігі мен үкімет деңгейінде жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік органдардың функцияларын тыңдау бойынша отырыстар өтіп жатыр. Нәтижесінде тиісті заңдар қабылданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға