Жаңалықтар

Елдегі 23-35 жастағы жігіттерге SMS хабарлама жіберіліп жатыр

Елдегі 23-35 жастағы жігіттерге SMS хабарлама жіберіліп жатыр
Фото: © Pixabay.com 18.05.2023 12:45 551

 Жұмыссыз азаматтарға SMS арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабарланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті. SMS хабарлама 23-35 жас аралығындағы жұмыссыз жүрген 25 мыңнан астам адамға жіберілген.

Азаматтарға бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы SMS-хабарлама жіберілді, - делінген хабарламада.

Еліміздің әрбір азаматы Enbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады.
 
Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда отбасының цифрлық картасы енгізілген болатын. Нәтижесінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы азаматтар анықталып, оларға проактивты форматта көмек көрсетуге мүмкіндік молайған.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға