Жаңалықтар

Елде жастарға арналған тиімді мемлекеттік бағдарлама жоқ - Дәулет Мұқаев

Елде жастарға арналған тиімді мемлекеттік бағдарлама жоқ - Дәулет Мұқаев
Фото: t.me/mazhilis_kz 15.05.2024 12:03 537

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жалдамалы пәтер алған жастардың мәселесін көтеріп, баспана бағасы туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жастар – қоғамның қозғаушы күші, еліміздің ертеңі. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету мемлекет міндеттерінің басым бағыттарының бірі. Жастар елдегі оқиғалардың бел ортасында жүр. Елімізде орын алған төтенше жағдайларда да төбе көрсететін де жастар, қолдаушылар да жастар. Ал бізде Үкімет тарапынан жастарға тиісті деңгейде көңіл бөлініп жатыр ма? Ең басты қажеттілік баспана мәселесі де шешімін таппай отыр. Жыры басылмаған жастарға берілген жалдамалы пәтер жайында Роман Васильевичке де депутаттық сауал жолдағанмын. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің бақылауында деп қысқа қайырған. Жастардың талап-тілегін нақты шешімдер мен әрекеттер жасайды деген ниетпен қайта жолдап отырмын, - деді Дәулет Мұқаев.

Депутаттың айтуынша, 2019 жылдан бері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы пәтерге орныққан жастардың саны 10 000-ға жуықтады. 2019 жылы баспана алған жастардың баспананы босатуына да аз уақыт қалды. Бүгінде мегаполистердегі жастардың далада қалу қаупі жоғары.

Тағы бір қосарым- өткен жылы берілуі керек пәтерлер Алматы қаласының жастарына әлі дер берілмеді. Нақты тізім, нәтиже шықпады. Жалдамалы пәтер алған жастардың қаржы жинап, өз баспаналарын ала алмаудың да өзіндік себептері де бар. 2019 жылдан бері инфляция деңгейі де шарықтап, үй бағасы жылдан жылға өсті. Осыдан 5 жыл бұрын Республика бойынша пәтердің орташа шаршы метрі 200 мың болса, қазір 400 мыңға жуықтады. Яғни, 2 есе өсті. Шындыққа тура қарасақ, баспанаға қаржы жинаудан, қымбатшылық қыспаққа алып күнкөріс мәселелі алдыңғы орынға шықты. Бұл бір, - дейді мәжілісмен.

Екіншіден, елде жастарға арналған тиімді мемлекеттік бағдарлама жоқ. Елде тиімді бағдарламаның жоқтығынан жастар баспана алу үшін шетел асып жұмыс істеуге мәжбүр. Келмей қалып қойып жатқаны қаншама. Бұл елімізде дарынды, талантты жастардың азаюына алып келуде.

Үшіншіден, жалдамалы пәтер алған жастар өзге де мемлекеттік бағдарламалар мен үй кезегінде тұру мүмкіндігінен айырылған. Ақшасын жинап, түйіп отырған жастар, басқа бағдарламаға қатыса алмаса қалай баспаналы болмақ. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек – деп Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, еңбек адамының негізгі бастауы да осы жұмысшы жастар емес пе? Жұмысшы жастарға қолдау көрсетсек, осындай азаматтар ертең еліміздің дамуына зор үлес қосары сөзсіз, - дейді Дәулет Мұқаев.

Мәжілісмен жастардың баспана алуы үшін тиімді бағдарлама жасау туралы ұсынысын айтты.

Жоғарыды аталған факторларды ескере отырып, жастардың тиімді баспана алуына жағдай жасау және кемі 10%-дық бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселелесін қарастыруды қайта сұраймын. Және де пайыздық мөлшерлемесі де 5%-дан аспауы тиіс. Немесе жалдамалы пәтерде тұру мерзімін ұзарту керек, - дейді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға