Жаңалықтар

Елде саусақ ізін тапсыру бір жылға шегеріледі

Ол толық көлемде 2024 жылы іске қосылуы мүмкін
Елде саусақ ізін тапсыру бір жылға шегеріледі
Фото: baribar.kz 26.12.2022 23:10 1265

Елімізде саусақ ізін тіркеуді (міндетті түрде саусақ ізін алу) енгізу кейінге шегерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенатта «Кейбір заңнамалық актілерге Мемлекет басшысының кейбір тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Талқылаудан кейін заң жобасын түзетулерімен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.

Жоба 2023 жылы басталуы керек болған.

Заң жобасын талқылау және оны екінші оқылымға әзірлеу барысында келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қажет болды.

Саусақ ізінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін іске қосу шараларын қаржыландырудың жеткіліксіз болуына байланысты оны толық көлемде іске қосуды 2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру ұсынылды, - деді сенатор Нұрлан Бекенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға