Жаңалықтар

Елде газ тапшылығы болуы мүмкін

ОПЕК дерегіне сүйенсек, еліміз газ қоры бойынша әлемде 19-шы орында.
Елде газ тапшылығы болуы мүмкін
Фото: Стрингер 18.08.2022 08:05 1226

Елде екі жылдан соң газ тапшылығы туындауы мүмкін. Осындай болжам жасаған сарапшылар ішкі нарықта көгілдір отынға сұраныс артқанын айтады, деп хабарлайды EL.KZ Отырар арнасына сілтеме жасап.

2015 жылдан бері газ тұтыну көлемі 7 млрд текше метрге дейін жеткен. ОПЕК дерегіне сүйенсек, еліміз газ қоры бойынша әлемде 19-шы орында. Дегенмен өзімізде өндірілетін газдың жартысына да жетпейтін мөлшерін халық тұтынса, басым бөлігі экспортқа шығарылады. Energyprom елде шамамен 8 млн адамның газ орнына көмір тұтынатынын жазған. Бұған инфрақұрылымға қатысты кедергілер себеп - дейді мамандар.

Бұған дейін Президент де тіпті келер жылы газ тапшылығы туындайтынын мәлімдеген еді.

Мемлекет басшысы проблеманы шешу үшін ресурстық базаны ұлғайтып, газды қайта өңдеуге басымдық беруді тапсырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға