Жаңалықтар

Елде бір жарым айда балаларға қатысты 400-ге жуық өтініш қаралды

Елде бір жарым айда балаларға қатысты 400-ге жуық өтініш қаралды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 24.07.2023 04:10 533

Балалар жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева аралық есебін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Уәкіл осы ай бойы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова және мемлекеттік органдардың барлығымен Мемлекет басшысының балаларға қатысты тапсырмаларын іске асыру бойынша жұмыс істегендерін айтады.

Негізгі бағыттар – профилактика жүйесін және көмек құралдарын құруды, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстар бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ауылдық жерлерде тұратын балаларға арналған инфрақұрылым құру. Сонымен қатар, осы және басқа да міндеттермен өңірлерде жұмыс істей бастадық. Жалпы алғанда, бір жарым айдың ішінде 4 аймаққа барып келдім. Енді күзде ҮЕҰ-мен, өңірлерлік БҚУ-дермен үлкен талқылау өткізуді жоспарлап отырмыз. Өңірлерге ұзағырақ мерзімге барып, аудан орталықтары мен ауылдарда жұмыс істейміз, - деп жазды Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол түрлі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ата-аналармен көтерілетін мәселелер мен өтініштер бойынша үнемі кездесулер өткізіп жүргенін атап өтеді. Сондай-ақ, бір жарым айдың ішінде 400 жеке өтініш бойынша жұмыс жүргізілді – бұл емдеу мәселелері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, зорлық-зомбылыққа қатысты және тағы басқалар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға