Жаңалықтар

Елде азық-түлік тағы қымбаттады

Елде азық-түлік тағы қымбаттады
Фото: El.kz 12.05.2023 13:15 821

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жылдық мәнде 10,6%-ға өсті, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. 

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері таңдалады, - делінген хабарламада.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 10 мамыр/

Айран 2,5% – 407 тг/л;

Қырыққабат – 141 тг/кг;

Күріш – 411 тг/кг.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға