Жаңалықтар

Экскаваторымен Каспий теңізіне кірген ақтаулық азамат ұсталды

Экскаваторымен Каспий теңізіне кірген ақтаулық азамат ұсталды
Фото: Видеодан кадр 29.08.2023 15:10 560

28 тамызда Каспий теңізіне экскаватордың кірген видеосы әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсінік берді.

Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. 29 жастағы жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 593 және 620-баптары бойынша екі әкімшілік хаттама жасалды, - делінген баспасөз мәліметінде.

Сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Mangystau | Aqtau басты жаңалықтар алаңы (@ladakz_qz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға