Жаңалықтар

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Әнұран авторынан алынып тастала ма?

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Әнұран авторынан алынып тастала ма?
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 27.12.2023 14:20 1269

Әнұран авторы тізімінен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі алынып тастала ма? Бұл сауалға мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жауап берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Ерлан Қошановтан жақында Қырғызстанның туы өзгергенін, осы орайда елімізде Әнұран авторларының тізімінен экс-президенттің есімі алынып тасталуы қаншалықты мүмкін екенін сұрады.

Бұл дәл қазіргі кезде күн тәртібіндегі мәселе емес. Уақыт көрсетеді, - деп жауап берді Қошанов.

Алелесі жылы авторлыққа байланысты қабылданатын заң бойынша ескеріле ме?" деген сауалға:

Ол заң әлі бізге түскен жоқ. Сондықтан ол туралы ақпарат айта алмаймын, - деп түсіндірді мәжіліс төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға