Жаңалықтар

Экс-депутат Бақыт Сыздықова Кипрге көшкенін атап өтті

Экс-депутат Бақыт Сыздықова Кипрге көшкенін атап өтті
Фото: Видеодан кадр 09.11.2023 11:38 1101

Экс-депутат Бақыт Сыздықова Қазақстаннан көшіп кеткеніне 2 жыл толғанын атап өтті. Ол аталмыш сәтті желідегі оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін мен өз отанымнан алыста, Қазақстаннан тыс жерде қалай өмір сүруге болатынын елестетіп қана қоймай, елімізді тастап кеткендердің барлығын ашық айыптайтынмын. Мен Астанадан басқа еш жерде бақытты өмір сүре алмайтындай едім. Ал енді Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп жатқаныма 2 жыл толды, ең бастысы жаным өз мекенінде өмір сүріп жатқандай, - деп жазды Бақыт Сыздықова. 

Сонымен қатар, ол Кипрде өзіне қымбат адамдардың арасында өмір сүріп жатқанын атап өтті.

Бұл жерде мен өзімді өз үйімдегідей сезінемін. Бір жыл бұрын жиендерім маған көшіп келді. Мен мұнда қазақстандықтарды жиі кездестіремін, олар маған келіп, алғыс айтады. Олар менің Кипр туралы әңгімелерімнен кейін осы аралға қарап, осында тұруға шешім қабылдағанын айтады, - деп жазады Бақыт Сыздықова.

Айта кетейік, Парламент мәжілісінің экс-депутаты Бақыт Сыздықова бұрын қоғамдық өмірге белсенді араласып, 1999 жылы "Нұр Отан" партиясына қосылды. Сол жылы Сыздықова мәслихат депутаты және астана мәслихатының Әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды.

Бақыт Сыздықова 2008 жылы партия қазынасынан 7 млн теңге алып, қайтармай қою салдарынан 2013-ші жылдың 18-ші қыркүйегінде «Нұр Отан» партиясының қатарынан шығарылған болатын. Бұл қаржыны Сыздықова «Астана.KZ» КВН командасын қолдау үшін алып, 2009-шы жылдың  1-ші қаңтарына дейін қайтаруы тиіс болатын.
 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от БАХЫТ СЫЗДЫКОВА💚 Территория СЧАСТЬЯ 💜 Вдохновляю на мечты ❤ (@bahytsyzdykova)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға