Жаңалықтар

Экс-бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов жаңа қызметке тағайындалды

Ол Ұлттық сараптама орталығының Басқарма төрағасы болды
Экс-бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Үкімет 15.08.2022 21:05 826

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қызметін атқарған Ерлан Қиясов жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды El.kz

Е.Қиясов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының Басқарма төрағасы болды. 

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазММУ, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы «Жедел жәрдем ауруханасының» жансақтау бөлімінде санитар болып бастады.

1997-1999 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Әуе көлігі орталық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының санитар дәрігері, эпидемиологы болып еңбек етті.

1999 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының құрылымында – санитариялық-эпидемиологиялық станциясының жалпы гигиена бойынша дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы меңгерушісінің орынбасары болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға