Экс-әділет министрі Марат Бекетаевтың елден қашпақ болғаны рас па?

Фото: © El.kz / Амангүл Тілейқызы
Фото: © El.kz / Амангүл Тілейқызы
26.10.2023 11:26
1000
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев ұсталардың алдында жасырынып елден қашпақ болған. Бұл туралы Сенат кулуарында бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Марат Бекетаев шынымен жасырынып қашпақ болған кезінде ұсталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Заңға сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді, – деді Әсет Шындалиев.
Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде экс-әділет министрі Марат Бекетаев лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұсталған болатын. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Аягөздегі қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталды
Келесі жаңалық
Қырғызстанда мектептер 12 жылдық білім беру жүйесіне көшеді