Жаңалықтар

Экология министрі БҰҰ Бас хатшысымен кездесті

Экология министрі БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
Фото: Айнаш Койшибаева 25.03.2023 11:41 1335

 Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменовакеше  БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Зүлфия Сүлейменова БҰҰ Бас хатшысын Қазақстанның су ресурстарын орнықты басқару саласындағы жоспарлары туралы хабардар етті. Бас хатшы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, ҚР-дың Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы белсенді ұстанымын атап өтті.

Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова БҰҰ-ның Су конференциясында қазақстандық делегацияны басқарып отырған болатын.

Сондай-ақ келіссөз барысында Қазақстанның Орталық Азия және Ауғанстан елдері үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік хабын құру бастамасы талқыланды. Идея бойынша штаб-пәтер Алматы қаласында орналастырылмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға