Жаңалықтар

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтар

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтар
Фото: Әлеуметтік желіден 09.05.2023 10:00 2783

Екінші дүниежүзілік соғыс әскери конструкторлардың ең мықты жобаларды жүзеге асырған кезеңі десе де болады. Бұл соғыста зеңбіректердің, радиомен басқарылатын бомбалар мен субмарина соғыс кемелерінің түр-түрі жасалған. El.kz ақпараттық агенттігі екінші дүнижүзілік соғыстың ең атақты қаруларын ұсынады.

TK (Тулалық, Коровина) – алғашқы кеңестік сериялық өздігінен оқталатын тапанша. 1925 жылы «Динамо» спорт қоғамы Тула қару-жарақ зауытына спорттық және азаматтық қажеттіліктерге арналған 6,35 × 15 мм-лі Браунингті қысқа тапанша жасап шығаруға тапсырыс берген. Тапаншаны Тула зауытының конструкторлық-зеңбірекшісі С.А. Коровин құрастырған. 1926 жылдың күзінде тапанша TK (Тула Коровин) деген атаумен шыға бастаған. Осылайша, тапанша «Тулалық, Коровиндік тапанша 1926 жылдан бастап шығады» деген ресми атауын алған. Тапаншаны кеңес одағы кезіндегі Қызыл Әскердің қызметкерлері пайдаланған. Атап өтетін жайт, ТК тапаншасы әскери қызметкерлерді марапаттау кезінде берілетін ең бағалы сыйлық болған деседі. 1926-1935 жылдар аралығында ТК тапаншасының ондаған мың данасы шығарылған. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары тапаншаны біраз уақыт бойы инкасаторлар мен касса қызметкерлері қару ретінде пайдаланған көрінеді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтар

ТТ (Тулалық, Токарева)  – 1933 жылы Федр Васильевич Токарев жасап шығарған кеңестік алғашқы өздігінен оқталатын тапанша. Оның ерекшелігі – бронежилетті тесіп өте алатын санаулы пистолеттердің бірі. Тапанша өте жеңіл және ықшамды болып келеді.  7,62 калибрлі ТТ тапаншасы кеңес дәуіріндегі Қызыл әскердің ең сүйкті тапаншасы болған екен. Бұл тапанша да Тула қару-жарақ зауытында жасалған. Тапанша әлемнің 50 елінде тараған. «Тульский Токарев» КСРО-да 1952 жылға дейін шығарылып келді. Аталған пистолетті шығару лицензиясы Польша, Румыния, Югославия, Венгрия, Қытай және Солтүстік Корея елдеріне сатылды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтар

Мосин мылтығы. 7,62 мм мылтық 1891 жылы шығарылған. Мосин мылтығы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде белсенді пайладанылды. Бүгінгі күнге дейін сақталған даналары бірнеше рет жаңартылған.

1891 жылы жасалып шыққан үлгісінен кейін мылтықты аң шаруашылығында да пайдалану мақсатында бірнеше түрі жасалған. Аңшылық мақсатта да, спорттық мақсатта да қолданылған мылтықтардың бірі болған.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтар

Симон автоматы. 7,62 мм автомат 1936 жылы шыққан. Автоматты қару-жарақ шебері Сергей Симонов жасап шығарған. Ол бастапқыда өздігінен оқталатын мылтық ретінде жасалған, бірақ оның сапасын жақсарту барысында төтенше жағдайда пайдалану үшін автоматты атыс режимі қосылды. Симон – кеңес одағы кезінде алғаш ойлап табылған және бірінші болып кеңес әскері пайдаланған автомат.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтар

Дегтярев пулеметі. 7,62 мм пулеметті 1930 жылы кеңестік зеңбірекші Василий Дегтярев жасап шығарған. 1934, 1938 және 1940 жылы автоматтың жаңа түрлері өнделген. Бұл Дегтярев жасаған автоматтың әртүрлі модификациялары болып табылады. Дегтярев автоматы кеңестік Қызыл әскер қолданған алғашқы автомат.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтар

Шпагин пулемет-тапаншасы. 7,62 мм-лі қару 1940 жылы жасалған. Оның негізгі құрастырушысы – Г.С.Шпагин. 1940 жылдың 21 желтоқсанында қару Қызыл әскер күшіне табысталған. Шпагин пулеметі екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі негізіг қару-дарақтардың бірі болған.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтар

Калашников автоматы – 1947 жылы Михаил Калашников құрастырған. 1949 жылы ресми түрде кеңес одағының қарулы күштерінің қару-жарақтарының қатарына енген. Қаруды көбінесе АК-47 деп атап кеткен. Калашников автоматын ойлап тапқаны үшін 1947 жылы Михаил Калашников I дәрежелі Сталин сыйлығымен және «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтар

Наган – 19 ғасырдың соңынан 20 ғасырдың ортасына дейін шығарылған қару түрі. Ол белгиялық ағайынды Эмили Наган мен Леон Наган жасап шығарған және қарудың аты ағайындылардың құрметіне орай осылай аталған.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтар

Максим пулеметі. 1910 жылы жасап шығарылған Максим пулеметі тарихтағы өте ауыр пулеметтердің қатарынан. Неміс нұсқасындағы «Максим» пулеметі бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңес әскері пайдаланған негізгі қару-жарақтың бірі. Пулемет 1000 м-ге дейінгі қашықтықтағы ашық нысаналарды және жаудың атыс қаруын жою үшін пайдаланылды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтар

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға