Жаңалықтар

Екібастұздағы жылу жүйесі қашан қалпына келеді

Үкімет үйінің баспасөз қызметі
Фото: Үкімет үйінің баспасөз қызметі 05.12.2022 1071

Екібастұзда 65 білім ошағы бар. Бұл – 21 жалпы білім беретін, үш мамандандырылған және бір жекеменшік мектеп, 6 колледж, 26 балабақша, 3 қосымша білім беру ұйымы және 5 арнайы ұйым.

"Білім беру мекемелерінің жылу жүйесінің жұмысы бақылауда, ешқандай ақау жоқ. Жалпы қала бойынша жылумен қамту жағдайы қалыпқа келгеннен кейін білім беру ұйымдары әдеттегідей жұмыс істей бастайды", - деді Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.

Әзірге мектеп оқушылары мен студенттер қашықтықтан білім алып жатыр. Лаура Дисюпова төтенше жағдайда Екібастұздағы 8 білім беру мекемесінде жылыту пункттері жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Оның 7-уінде жатар орындар бар, олар 620 адамды қабылдай алады.

Екібастұздағы жылу жүйесі қашан қалпына келеді

Екібастұздағы жылу жүйесі қашан қалпына келеді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға