Екібастұз қаласының 6, 5а және 5б шағын аудандарында жылу желілері қатып қалған үйлерге жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Апатты жою жөніндегі штаб басшысы – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың хабарлауынша, 6 желтоқсан күні сағат 08.00-дегі жағдай бойынша кіреберістерді жылуға қосу жұмыстары 4 үйде жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды бүгін аяқтау жоспарланған. Зардап шеккен нысандарға бекітілген кәсіпорындар тәулік бойы инженерлік коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда.
6 желтоқсан күні таңғы сағат 04:30-да №6 шағын аудандағы орамішілік жылу желісінде құбыр жарылды (жылу құбырын бұратын ЦТП 63, диаметрі 159). Оған жөндеу бригадалары жіберілді. Осыған байланысты Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 42, 54, 46, 44, 48, 50, 52 және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 59, 61, 65, 57а, 63, 63А, 63Б, 67А тұрғын үйлеріне ыстық су беру қысқа уақытқа тоқтатылды, құбырды сағат 14:00-де дейін жөндеу көзделген.
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылды.
Екібастұздағы тағы бір шағын ауданда жылу құбыры жарылды
Оқи отырыңыз
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев