Жаңалықтар

Екібастұздағы апат: Бос сөз бой жылытпай тұр

Екібастұз қаласында техногендік төтенше жағдайдың салдары мен шешімдері жайлы
Екібастұздағы апат: Бос сөз бой жылытпай тұр
Фото: gov.kz 01.12.2022 14:58 1524

35 градус аязда Павлодар облысы Екібастұз қаласында 17 тұрғын үй және 5 әлеуметтік нысан жылусыз қалды. Алайда көретіліп жатқан авариялық жағдайлардан кейін берілген мәліметтер күмән туғызады. Себебі түнгі уақыта 11-ші нөмірлі қазан агрегат тоқтап қалып артынша тағы үш агрегат істен шыққан. Жылумен жабдықтау желісіне жоғары қысым беріліп, оның кесірінен 15 жерде бір уақытта құбырлар зақымданған.

130 үй жылусыз қалды деп жарияланса, бір тәулік ішінде 110 үй қайта жылумен қамтамасыз етілгенімен дала құбырларының жарылуы тоқтатылмаған. Төтенше жағдай кезінде балабақша жұмысын тоқтатып, мектеп онлайн оқыту режиміне көшкен. Дегенмен бұл халық денсаулығына кері әсерін тигізіп қана қоймай, үй батареяларының қатуы мен жарылуына әкеп соқты.
Екібастұз қаласында 689 көппәтерлі үй және орталық жылумен жабдықтауға қосылған 4 395 жеке үй бар. Қаладағы жылу құбырлар 422,5 шақырымды құрайды. Апатты жою бригадалары бірден алдын алу іс шараларын ұйымдастырды. Алайда тұрғындар аталмыш мәселені 6 ай бұрын көтергендерін айтып, билікке наразылықтарын білдірді. Түнде жылудың тоқтауы, далада ыстық судың атқылауы қорқынышты көрініс. Кейбіреуі "апокалипсис" деп атап жатқанда көрінеді.

Екібастұздағы апат: Бос сөз бой жылытпай тұр

Фото: 24.kz

"Қазір болып жатқан дүниені біз жазда айтып алдын алайық деп өтініш айтқан болатынбыз. Сол уақыттағы сөзіміз жерге қалып, мінекей нәтижесі осы жағдайға әкеп соқты. Қазіргі естіген жауабымыз тариф ақысы аз, жөндеу жұмыстарын жасауға қаражат жоқ дейді-мыс. Солай-ақ болсын делік. Осы мәселені жазда тұрғындарға түсіндіріп, тарифті өсіру керек еді. Халық қарсы болса да, өздерінің қамы үшін келісім берер еді. Қазіргі жағдайда жылыту кезеңіне дайындық лайықты түрде жүргізілмеген, ешқандай жауапкершілік жоұқ деп қана тұжырымдауға болады. " – дейді қала тұрғыны Балбибі Русланова.

Электроэнергетикаткалық корпорация өкілі халықтың айтқанын жоққа шығармады. Басты себеп – бюджет жетіспеушілігі деп отыр. Миллиардтаған шығыны бар станция қаланы қалай жылумен қамтамасыз етпек?

"Жылу магистралінің тозғаны ешкімге жасырын емес. Тариф арзандау болғандықтан жөндеу жұмыстарына қаражат жетпейді. Жаз мезгілінде 600 метр жылу құбыры жөнделді. Негізі жоспар бойынша 25 км жөнделуі керек еді. Қазір арнайы штаб жұмыс жасауда, 15 бригада алдын алу мен ыстық су атқылап жатқан құбырларды жөндеуде" – Бағдат Оралов.

Екібастұздағы апат: Бос сөз бой жылытпай тұр

ЖЭО-ның жылу құбырларының тозуы - 92%. Монополист тарифті екі есеге арттыруға өтініш берді. Қазір, Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің ақпараты бойынша, Екібастұз тұрғындары 38 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерге шамамен 3000 теңге, 55 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерге 4000 теңгеден сәл артық, 70 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтерге шамамен 6000 теңге төлейді.
Апат хронологиясы бойынша:
- 27 қараша күні 149 тұрғын үй мен 15 мекеме жылусыз қалған. Бригаданың жылдам әрекет етуімен 15 зақымның 14-і жойыған.
- 28 қараша күні қабылданған шешімдер бойынша 132 пәтер мен 12 нысанды жылуға қосуға мүмкіндік берді. Станциядағы 10 қазандықтың алтауы жұыс жасап, барлық үйлерге ақырын жылу беріп тұр. 25 бригада, 37 техника жұмылдырылды. 123 тұрғын, ауруханада жатқан емделушілер эвакуацияланды.
- 29 қараша 25 пәтер және 90 жеке меншік үйлерде ішкі жылу жүйесінде мәселелер туындады.
Төтенше жағдай жарияланғаннан екі күннен кейін премьер-министр Әлихан Смайылов апат орын алған аймаққа барды.

"Бүгін-ертең барлық тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары аяқталады деп отырмыз", — деді Әлихан Смайылов.

Төртінші күн аязды күні суық үйде отырған тұрғындар биліктің сөзі жылытпайтынын жеткізіп, тезірек жөндеу жұмыстарын аяқтаса дейді. Зақым келген жерлерді ғана емес, толық құбырларды ауыстыру қажеттілігі туындап тұр. Ол жұмысты қолға алу үшін жылыту мерзімі аяқталғанын күту қажет.
Жылусыз қалған тұрғындарға көмектер берілді. Мемлекеттік мекемелердің көмегі айтылып көрсеіліп жатқаны белгілі. Қарапайым халық та өздерінің жерлестеріне қолдарынан келгенше көмектер ұсынып жатыр.

Екібастұздағы апат: Бос сөз бой жылытпай тұр


Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенже жағдай режимі әлі алынбады. Павлодар әкімі қызметтен босатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға