Жаңалықтар

Екібастұзда жылу магистралі іске қосылды

Екібастұзда жылу магистралі іске қосылды
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 02.10.2023 03:12 390

Екібастұздағы ЖЭО-да екі қазандық толық жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Pavlodarnews.kz-тің мәліметінше, облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұзға жылу беру бойынша құрылған жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.

Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Екібастұз ЖЭО-да екі қазандық жұмыс істеп тұр. Жеті жылу магистралі (1, 3, 5, 7, 8, 10, 12) толығымен толтырылып, іске қосылды.

Қаладағы 90 әлеуметтік нысанның 26-сына жылу берілді, түнге дейін тағы төрт нысан қосылады, - деді Асайын Байханов.

Аймақ басшысы жылу беру маусымын бастау бойынша жағдайды алдағы уақытта да өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға