Жаңалықтар

Екібастұзда ЖЭО төбесіндегі плита құлады

Екібастұзда ЖЭО төбесіндегі плита құлады
Фото: gov.kz 16.06.2023 04:12 525

Плита жұмыс істеп тұрған қазандықтың үстіне құлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 15 маусым күні сағат 16:45-те Екібастұз ЖЭО-да «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС-де №5 жұмыс істеп тұрған қазандыққа темірбетон плита құлаған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтенше оқиғаға байланысты плитаның құлау аймағындағы барлық жөндеу және пайдалану жұмыстары тоқтатылған.

Бұл осы айдағы бірінші жағдай емес. 11 маусымда жөндеудегі №7 қазандық ауданында бүйір қоршау конструкцияларының 8 темірбетон плитасы құлаған болатын.

Орталықта бүгін, 16 маусымда, қазандықтардың үстіндегі шатырдың конструкциялары тексеріледі. Оның нәтижелері бойынша жұмыстарды қайта бастау туралы шешім қабылданады. Тексерумен мамандандырылған ұйым айналысады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға