Жаңалықтар

Екібастұзда үш автобус жолдан шығып кетті

Екібастұзда үш автобус жолдан шығып кетті
Фото: Видеодан алынған кадр 05.12.2023 18:07 702

Оқыс жағдайға ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Бұл туралы  @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Автобуста «Богатырь-Көмір» ЖШС компаниясының қызметкерлері болған. Компания ауа райының қолайсыздығына байланысты қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізу үшін автобус жалдаған.

Салдарынан адамдарды жұмыс орындарына жеткізу кезінде мердігерлік ұйымның үш автобусы жолдан шығып кетті, – деп жазылған хабарламада. 

Кәсіпорын қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ. Барлық қызметкерлер жұмыс орындарына жеткізілді және штаттық режимде жұмыс істеуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Экибастуз. Хочу всё знать (@ekb_hochu_vse_znat)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға