Жаңалықтар

Екібастұзда тұратын 50 бала қысқы демалысын Түркістанда өткізеді

Балалар 11 қаңтарға дейін түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысады
Екібастұзда тұратын 50 бала қысқы демалысын Түркістанда өткізеді
Фото: inform.kz 03.01.2023 15:10 1187

Павлодар облысы Екібастұз қаласында тұратын 50 бала қысқы демалысын Түркістан облысындағы спорттық-сауықтыру кешенінде өткізеді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін мектеп оқушылары мен оларға ілесіп келген азаматтар Түркістан өңіріне келіп жетті. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Калыйма Жантореева және жауапты мекеме өкілдері оларды теміржол вокзалынан күтіп алды.

«Біздің өңірге таңдауы түскен 50 бала, олармен бірге келген 6 сүйемелдеуші және 1 дәрігер Төлеби ауданында орналасқан «Бәйшешек» демалыс аймағына орналастырылды. Жалпы 15 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қамтылып отыр. Балалар 11 қаңтарға дейін жоспарға сай түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысады. Түркістандағы Қ.А.Ясауи кесенесіне де саяхат жасау жоспарлануда. Партияның бұл бастамасы балақайларға ерекше серпін сыйлайтыны анық», - деді Алтынсары Үмбетәлиев.

Сауықтыру лагеріндегі іс-шараларды үйлестіруге партияның аймақтық филиалы, облыс әкімдігі және оған қарасты білім, спорт, денсаулық сақтау басқармалары атсалысуда. Жалпы республика бойынша 1300 мектеп оқушысына шипажайлар мен спорттық-сауықтыру кешендеріне баруына жағдай жасалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға