Жаңалықтар

Екібастұзда өрттен 20 адам құтқарылды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті
Екібастұзда өрттен 20 адам құтқарылды
Фото: @qr_tjm 19.02.2023 13:00 923

2023 жылғы 19 ақпанда сағат 9.59-да «101» операторының пультіне Екібастұз қаласы үйлерінің бірінде өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының арқасында автосатының, құтқару қалпақшаларының көмегімен баспалдақ маршымен 20 адам құтқарылды, оның ішінде 4 бала.

Құтқару қалпақшасы — қысылған ауамен қамтамасыз етілген маска, зардап шеккен адамның тыныс алуында қиындықтар туындаған жағдайда ауаның өкпелік-автоматты берілуін қамтамасыз етеді. Ашық отпен қысқа байланыста болған кезде бас пен шашты ұшқыннан қорғайды. 

Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға