Жаңалықтар

Екібастұзда өрт сөндірушілер 3 адамды құтқарды

Екібастұзда өрт сөндірушілер 3 адамды құтқарды
Фото: gov.kz 04.04.2023 13:40 1286

Кеше Екібастұз қаласы Матросов көшесі, 9 үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бесінші қабаттағы пәтерден түтін шығып жатты. 12 шаршы метр аумақтағы бөлмелердің бірінде жиһаз, үй заттары өртенді. Өрт салдарынан үйлердің кіреберістеріне түтін тез тарады.

2-МӨСБ  бөлімінің командирі азаматтық қорғау старшинасы Сартымбеков Асылхан, 2-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Пронченко Роман және 6-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Бутенова Руслан  "Respihood" құтқару қалпақшасының көмегімен баспалдақ арқылы 3 адамды құтқарды.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 15 адам өз бетінше эвакуацияланды, оның ішінде 5 бала. Өртті 16:50-де ауыздықтап, көп ұзамай 17:05-те өрт толық жойылды. 2-МӨСБ және 6-ӨСБ № 2 кезекші ауысымның жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында адамдар қаза тапқан жоқ. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен үш бірлік техника қатысты. Өрттің себебі анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға