Жаңалықтар

Екібастұзда өрт болған үйден ес-түссіз жатқан адам табылды

Екібастұзда өрт болған үйден ес-түссіз жатқан адам табылды
Фото: Видеодан кадр 14.05.2023 23:31 880

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамырда сағат 17:06-де Королев көшесі, 84 мекенжайы бойынша пәтерден түтін шыққандығы туралы хабарлама түскен.

– Оқиға орнына келгенде жиһаз және кіреберістің жанып жатқаны анықталды. Өрттің көлемі төрт шаршы метрді құрады. Сондай-ақ пәтер иесі ес-түссіз күйде жатқан. Өрт сөндіру бөлімі үш адамды эвакуациялады, бір адам – 1966 жылы туған пәтердің иесі құтқарылды, – дейді департаментте. 

Үш техника және Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 10 адам жіберілді. Өрт сағат 17:25-те оқшауланып, сағат 17:37-де толығымен жойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға